14.07.2022
  74


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Аң мен құсты жер жүзіне таратқан

Аң мен құсты жер жүзіне таратқан
Жаратушы түгел жұптап жаратқан.
Біреу сүйіп, біреу тіпті сүймесін,
Табиғатта бар ғажайып үйлесім.
Жұп болмаса тірлік оты жанбайды,
Жыртқыштар да сыңарларын қорғайды.
Балапанға жем тасыған торғайды
Көрген кезде көңіл көкке самғайды.
Ғашығынан айырылған шерменде
Аққу құс та тебірентер көргенде.
Жерде қоңыз, суда жүзген балық та,
Жұптаспаса шыға алмайды жарыққа.
Үйіріне ие болған айғырды
Жаратушы байталдарға сай қылды.
Жұмыртқасын жат ұяға тастаған
Көкек неге қаймықпайды басқадан?
Отыз қатын алып жүрген қоразға
Осы күні еліктейтін жан аз ба?!
Мұның бәрі пенделерге ескерту,
Аң мен құстың қылығымен сескенту.
Көкті, жерді, суды көр де – тәлім ал,
Тәлім алсаң – маңдайыңның бағы бар.





Пікір жазу