14.07.2022
  99


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Осы неге құмармыз біз егеске...

Осы неге құмармыз біз егеске,
Бас қой дейміз сақтау үшін ел есте.
Алма-кезек алмаспаса тіршілік,
Шыға алатын адам бар ма белеске.
Айдың соңы айдың басы емес пе,
Айдың басы айдың соңы емес пе?!
Жақсы-жаман, адал-арам арбасар,
Досың көп пе жан сырыңды дәл басар.
Жолдың ұшы шорт қиылмас, сау болсаң,
Жолдың басы жол шетіне жалғасар.
Тығырыққа тірелдім деп тұрғанда,
Жол шегінен соны соқпақ алға асар.
Адамның да басы менен аяғы
Бір денеге қызмет қылса жарады.
Олай болса, бас болғанды бос мақтап,
Көңіліңді көтерме құр жоғары.
Бас шалқайып, аяқ жатса еңкейіп,
Қатар жүрер обалы мен сауабы.





Пікір жазу