14.07.2022
  98


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Ұйқы қашты, басты келіп албасты...

Ұйқы қашты, басты келіп албасты,
Күдік-күмән жағама кеп жармасты.
Бұл жалғанда көп керек пе адамға,
Сақтау үшін, ақтау үшін бір басты.
Жастық дәурен құйрығындай түлкінің
Бір-ақ сәтте көтерілген кірпігің,
Көз алдыңнан жай отындай жалт етіп,
Жоқ болмай ма талындай боп шырпының.
Өткен өмір қызып жатқан қырмандай,
Қызық бітпей мәңгі-бақи тұрғандай.
Бағалап та үлгермейсің сен оны,
Қас-қағым сәт – көзіңді ашып-жұмғандай.





Пікір жазу