14.07.2022
94
Аң мен құсты адамдарға азық қып...
Аң мен құсты адамдарға азық қып,
Тауды жерге қағып қойған қазық қып,
Құдіреттің қайран қылған қауымды
Қасиетін неге біздер аз ұқтық?!
Малдың жүнін, аң терісін киім қып,
Сүтін ішіп, етін жедік, сүйіндік.
Неге сонша қызығамыз ендеше
Боқтышаққа небәрі бір тиындық.
Жоғалтпаған ешқашан да сенімін,
Пайғамбардың зерттеп көрші өмірін.
Жайламаған тәкәппарлық көңілін,
Таңдамаған жұмыстың да жеңілін.
Алла біреу, пайғамбар шын, ол рас,
Сенбеген жұрт жалғанда да жарымас.
Құдай бар деп шын көңілден зар қылсаң,
Тоның тозып, мінген атың арымас.