14.07.2022
  112


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Теріс көрген істерін қате десе...

Теріс көрген істерін қате десе,
Жақсылыққа тек қана жетелесе,
Бағыт берсе шындық пен тура жолға,
Көкірегін біржола бітемесе,
Ақыл менен көңілдің нұры болған,
Рақат қой Алланың құлы болған.
Бір атадан таратып адамзатты,
Жаратпа деп үйретсе жаман затты,
Аттатпаса адамды ала жіптен,
Жасатпаса адалға арам затты.
Ақыл менен көңілдің нұры болған,
Рақат қой Алланың құлы болған.
Жағынады көп адам патшаға да,
Бағынады мүлік пен ақшаға да,
Нағыз пенде Аллаға бас иеді,
Мағынаны иманнан тапса ғана.
Ақыл менен көңілдің нұры болған,
Рақат қой Алланың құлы болған.





Пікір жазу