14.07.2022
88
Түнгі ұйқыдан оянсаң мазаң болмай...
Түнгі ұйқыдан оянсаң мазаң болмай,
Таң намазын оқырсың қаза қылмай.
Кешу тілеп Алладан, рақым күт,
Дәме қылма кетем деп жазаланбай.
Азғындарға кеткенде тілің тиіп,
Қиналасың ел үшін жаның күйіп,
«Алла берсін жазаңды!» деген сөзді
Айта аласың болса егер арың биік.
Тілі тәтті болса да, діні қатты
Пәле жапқан жалақор тірі қапты.
Шайтандарға тас атқан шәйіт болса,
Кәпірлердің қауымы құрымапты.