14.07.2022
  72


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Хабар беріп мыңдаған шақырымнан...

Хабар беріп мыңдаған шақырымнан,
Жерді кілем, аспанды шатыр қылған,
Қаһарынан жақпар тас жапырылған,
Мұхит суы қымыздай сапырылған.
Қар мен суды көтерген бұлтты қуған,
Жер бетіне қонатын шаңды жуған,
Жел жіберіп сілкілеп текеметтей,
Көкке буды апарған ағын судан.
Жерге көмген тұқымнан дән шығарған,
Жұмыртқадан тірілтіп жан шығарған,
Нәрестеге дем салып құрсақтағы,
Несібесі ұсынған таусылмаған.
Жанды, жансыз – барлығын үйлестірген,
Имандыға саналы күй кештірген,
Тілі басқа болса да табыстырып,
Адам менен адамды сөйлестірген
Құдіретке қалай шәк келтіресің?!





Пікір жазу