14.07.2022
  142


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Жақсы көрдім сөзі сұлу ақынды...

Жақсы көрдім сөзі сұлу ақынды,
Жақсы көрдім бітік шыққан дақылды.
Жақсы көрдім былжыраған сөздердің
Арасынан шығып жатқан ақылды.
Жамандықтан жақсылықты кім күтті?
Жақсы жемді жайын балық қылғыпты.
Жақсы көрдім суайт айтқан өсектің
Арасынан шығып тұрған шындықты.
Көрген сайын сұм-тірліктің ортасын,
Жек көремін деп айтуға қорқасың.
Жақсылардың болғанымен жүзі игі,
Жақсы көрем кей адамның арқасын.
Жайын біліп арып-ашқан халықтың,
Іргесінде жүргендеймін тамұқтың.
Сүттің өзі ірігенін көрдім де,
Жақсы көрем дей бергеннен жалықтым.





Пікір жазу