14.07.2022
  127


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Оң қолыммен бастаған ісім менің

Оң қолыммен бастаған ісім менің
Сол қолды да жұмсарын түсінемін.
Әр жұмыстың болғаны қандай жақсы
Тірегі нық, сәні мен түсі керім.
Жақсы менен жаманды күрестіріп,
Білектерді жүрсек те тірестіріп,
Оң аяғым ілгері басқан сайын
Сол аяқты әкетер ілестіріп.
Оң-терісі кей істің байқалмайды,
Оңды жауап кейбіреу қайтармайды.
Оң көзбенен қарасаң дүнияға,
Онбаған деп ешкім де айта алмайды.
Көріп жүрміз қоғамның көп шылығын,
Қанағат пен қайырым тапшы бүгін.
Оң жағымнан жазылып тұрса болды
Аз да болса жасаған жақсылығым.





Пікір жазу