14.07.2022
  84


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Екі аяқпен, төрт аяқпен жүргендер...

Екі аяқпен, төрт аяқпен жүргендер,
Жылжығандар, су ішінде жүзгендер,
Көк жүзінде қос қанатпен ұшқандар,
Жаратқаннан күдеріңді үзбеңдер.
Қиын емес қанаттардың қайырылуы,
Қиын емес тұяқтардың майырылуы,
Қиын емес жұп боп жүзген аққудың
Қапияда сыңарынан айырылуы.
Бастап жатқан іс орайы келмесе,
Шара бар ма қалауыңды бермесе?!
Таң атқаннан кешке дейін ниет қыл,
Бір Алладан жәрдем сұра ендеше.





Пікір жазу