14.07.2022
  80


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Не нәрсе адамдарды сүйікті еткен...

Не нәрсе адамдарды сүйікті еткен,
Немесе мәртебесін биіктеткен,
Барлығы бір қамырдан жасалса да,
Ыстықтан кейбіреулер күйіп кеткен.
Ешкімді, шамаң келсе, іренжітпей,
Істеп қал тірлігіңді қыну кетпей.
Кейбіреу сырты қатты, іші шикі,
Кейбіреу шала піскен жылу жетпей.
Наубайшы сырттай ғана бақылаған,
Тұзы да кейбірінің татымаған,
Болса да тәтті тоқаш, майлы шелпек,
Иленген қамыр деген аты жаман...





Пікір жазу