14.07.2022
  98


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Көріп жүрміз неше түрлі пішінді...

Көріп жүрміз неше түрлі пішінді,
Көріп жүрміз неше түрлі мүсінді,
Мұның бәрі, бірақ, сыртқы көрініс,
Кім көріп тұр ішіңді?
Қабат-қабат, бұдыр-бұдыр қыртысың
Білген жанға – осы өмірдің сұрқы шын.
Көп адамның ішіндегі жықпылы
Жасырады түр-түсін.
Кей адамның түсі бұжыр, іші әппақ,
Күлген кезде көрінеді тісі әппақ.
Тілегімен қараңғыда шам жағып,
Жүрегімен тұрар сені құшақтап.





Пікір жазу