14.07.2022
  72


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Шыдап келген сел мен тасқын, жасынға...

Шыдап келген сел мен тасқын, жасынға,
Тасты да Алла жаратқан әу басында.
Қолға ұстадым, көзім көрді демесең,
Артықшылық бар ма таудың тасында?
Тасы жүріп тұрса-дағы базарда,
Талай мықты айналғанда тозаңға,
Ақырында жермен-жексен болатын
Артықшылық бар ма салған мазарда?
Киелі деп атағанда мекенін,
Ұмытамыз жер киелі екенін.
Адам болып өсіп-өніп жүрген соң,
Барлық жерді киелі деп өтемін.





Пікір жазу