14.07.2022
144
Диқан баптап өсіреді егінді...
Диқан баптап өсіреді егінді,
Жылқы тауып жайылады тебінді.
Жібек, торқа жамылса да тірлікте,
Қайтқан кісі таңдай алмас кебінді.
Табыстарын күннен күнге еселер
О,Жаратқан!
Бай пиғылын кеше көр!
Бұйым, киім жер астында шіриді,
Тек топырақ жамбасыңа төселер.