14.07.2022
  69


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Жарық нұрдан жаратып періштені...

Жарық нұрдан жаратып періштені,
Жаратыпты шайтанды жанған оттан,
Хайуан мен жануардың ең үстемі
Жаратыпты адамды топырақтан.
Жер басқанда жаратқан Алланы ойға,
Айырмаң не есірген ақымақтан?!
Жасыл ағаш түбінде сарғаймай ма,
Ғибрат ал үзілген жапырақтан...





Пікір жазу