meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  14.07.2022
  113


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Қара мысық екі көзі жайнаған

Қара мысық екі көзі жайнаған
Қараңғыда тышқанды да көреді.
Пенделер де қарын қамын ойлаған
Ырза болар табылғанға қорегі.
Жеген асы халал ма, әлде харам ба?
Байқап тұрсаң – толып жатыр себебі.
Қараңғыға көзі үйренген адамға
Жарық шамның болмайды екен керегі..





Пікір жазу