meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  14.07.2022
  129


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Не табады жалғаннан қаңғып адам...

Не табады жалғаннан қаңғып адам,
Құтыла ма пенделер бар күнәдан?!
Түскен кезде тағдырдың тәлкегіне,
Құдіретті Иса да зар жылаған.
Адамзаттан қашады қадір неге,
Көнгенменен илеуге қамыр-дене,
Қиянаттан қамкөңіл қиналмасын,
Әлсіздерді ешқашан жәбірлеме.





Пікір жазу