14.07.2022
  81


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Періштелер жаралғанда жарықтан..

Періштелер жаралғанда жарықтан,
Жын жаралған шыққан оттан тамұқтан.
Жынның да бар мұсылманы, кәпірі,
Өз бағасын алған олар халықтан.
Сапар шексең, шайтанды ертсең жолдасқа,
Түзу жолдан бұрылады жол басқа.
Періштенің бәрі Аллаға иланған,
Ібілісті періште деп алжаспа.





Пікір жазу