14.07.2022
  98


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Пейіш, жәннат, жұмақтан дәме қылған...

Пейіш, жәннат, жұмақтан дәме қылған,
Фәнидегі қызықты және қуған,
Суға батып кетпес деп үміт етіп,
Бала-сынды қағазды кеме қылған.
ЖаҺаннамға барам деп жиналғандар,
Күнәларын мойындап, иланғандар,
Бір жақсылық түбінде болмай қоймас,
Мейірім бар Алладан, қиналмаңдар!





Пікір жазу