14.07.2022
  100


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Ғафілдің екі көзін бақырайтып...

Ғафілдің екі көзін бақырайтып,
Ойлашы, керегі не ақыл айтып.
Айтылған ақиқатқа сенбеген соң,
Жолама жанына оның енді қайтып.
Болғандар асып-тасып, өзі дүрдей,
Мансұқтар қолмен ұстап, көзі көрмей.
Бәрібір бұл фәнидің қайшылығын
Түсінбес демі бітіп, көрге кірмей.





Пікір жазу