14.07.2022
116
Сопайып жұртта қалса ел көшкенде...
Сопайып жұртта қалса ел көшкенде,
Немесе мықтылармен белдескенде,
Жазықсыз жапа шексе жалғыздықтан,
Бәрібір, күні бітпей өлмес пенде.
Болғанмен бір күн бие, бір күн түйе,
Көрінер аққа әдейі жаққан күйе.
Болады жыртық үйдің бір Құдайы,
Жалғызға жәрдем қылар Жаппар ие.