14.07.2022
  202


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Құранның әр сөзінің маңызы бар...

Құранның әр сөзінің маңызы бар,
Өтейтін мұсылманның парызы бар,
Өмірді босқа өткізбе далбалақтап,
Пенденің Алла алдында қарызы бар.
Тілегің бірде естілсе, бірде естілмей,
Болсаң да ілдебайлап күн кешкендей,
Құранның бетін ашсаң қайғың қашар,
Алланың өзі келіп тілдескендей.





Пікір жазу