14.07.2022
  173


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Білімін бұл дүнияның ғапыл қылған

Білімін бұл дүнияның ғапыл қылған
Тым кештеу кейбіреуге ақыл қонған.
Мұсылман болып жатса кәпірлерің,
Аз емес мұсылман да кәпір болған.
Тілінің амандасар ұшынан кіл,
Дінін де сатып кетер қысылған күн,
Кей жанның ісі шикі, іші жаман,
Киімін жамылғанмен мұсылманның.





Пікір жазу