14.07.2022
  108


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Дәрет алсаң, судың басын былғама...

Дәрет алсаң, судың басын былғама,
Таза суды лайлауға бола ма.
Дәрет алма қарап тұрып құбылаға,
Жол бойына, ағашқа да жолама.
Астамсынба басқаларды қор санап,
Өктемдікті ысырып қой бір шетке.
Құман алтын, леген күміс болса да,
Тізе бүксең, байлығыңды көрсетпе...





Пікір жазу