meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  14.07.2022
  450


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Білім іздеу – мұсылмандық міндетің...

Білім іздеу – мұсылмандық міндетің,
Сауаты жоқ адам ғана шын жетім.
Оқып қоймай, айтқан сөзді тоқысаң,
Сол болады Құранға еткен құрметің.
Білім жина, ғылым сыйла, бар болсаң,
Халық үшін кәдеге асар күнбе-күн.
Дін жолынан бұрылмаған жан болсаң,
Құр тастамас Мұхамбеттің үмбетін.





Пікір жазу