14.07.2022
  167


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Мұртқа өкпелеп жүргенде сақал шықты...

Мұртқа өкпелеп жүргенде сақал шықты,
Кісі сыйлап көрмеген «тапал» шықты.
Адам емес, шайтандар ойлап тапқан,
Жамандықты жақтайтын мақал шықты.
Алдампаз пен алааяқ сөз беріп құр,
Зұлым заман, әйтеуір, кез келіп тұр.
Көз астына томпайып сүйел шығып,
Берген жүзі Алланың өзгеріп тұр.





Пікір жазу