14.07.2022
140
Жас та кетер өмірден, кәрі де өтер...
Жас та кетер өмірден, кәрі де өтер,
Әзірейіл келгенде әлі бітер.
Бұл жалғанның қызығын тауыса алмассың,
Жинағаның қасықтап – бәрі бекер.
Байлар да өтер өмірден, кедей де өтер,
Барлығына сұм ажал келіп жетер.
Десек-дағы ол жақта бәрі тегін,
Шығайбайлар айтқанға сенбей кетер.