14.07.2022
98
Күнде тәтті бере берсе, жерисің...
Күнде тәтті бере берсе, жерисің,
Күнде ащы келе берсе, не жейсің?
Су болсаң да, кейде мұздай қатасың,
Мұз болсаң да, кейде судай ерисің.
Күннің айдан озуына болмайды,
Түн күндізді басып оза алмайды.
Мезгіл жетпей таң ешқашан атпайды,
Қызу кетпей күн де ұяға қонбайды.