meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  14.07.2022
  137


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Тар құрсаққа ұрпақ біту – Алладан...

Тар құрсаққа ұрпақ біту – Алладан,
Туғаннан соң оны күту – анадан,
Көргені жоқ, тәрбиесіз өскен ұл
Мал секілді шықпай қойған қорадан.
Бұтақ түзу өсіп жатса – тамырдан,
Нан әдемі пісіп жатса – қамырдан,
Болған нәрсе – аузыңнан не қолыңнан,
Асқақтайсың – айырылмасаң арыңнан





Пікір жазу