14.07.2022
161
Қолыңдағы от тұтатқан шырпыдан
Қолыңдағы от тұтатқан шырпыдан
Ойлап тұрсаң, серпілмей ме бір күмән.
Білмеген жұрт текке қолын жаяды,
Күндеген жұрт не демейді сыртыңнан.
Сөніп қалса аспандағы шырағың,
Көрге айналып кетпес пе еді тұрағың.
Құдай ісі – алға бассаң бір адым,
Қолда барға қанағат қыл, шырағым!