14.07.2022
  97


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Балдан тәтті жалған сөздер қорегі...

Балдан тәтті жалған сөздер қорегі,
Ақиқат па адамдарға керегі?
Шындығыңның тамыры терең болса да,
Өтірік сөз көктеп шыға береді.
Қартайғанда қорқып жалғыз Құдайдан,
Тәубаға кеп, қайтқандар бар райдан.
Шыңырудан шындық алып шығады
Өтірікті шығарса да кім ойдан.
Қатар қойған ащы менен тәттіні,
Қатар қойған сұйық пенен қаттыны,
Қатар қойған қайғысы мен шаттығын,
Кім-кімнің де баса алады аптығын.





Пікір жазу