14.07.2022
  98


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Ұзақ жолда арып-ашып, нәр татпай...

Ұзақ жолда арып-ашып, нәр татпай,
Шалдыққанда кепсе-дағы кенезе,
Дастарханға отырғызбас дәм тартпай,
Құран сөзі – бұлжымайтын ереже.
Қожайыны ұмытқанын кеш біліп,
Ашық қалса есік пенен терезе,
Рұқсатсыз кіргізбейтін ешкімді,
Құран сөзі – бұлжымайтын ереже.





Пікір жазу