14.07.2022
  75


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Жаудыра алған қара бұлттан бұршақты...

Жаудыра алған қара бұлттан бұршақты,
Алдыра алған су түбінен моншақты,
Кесек етке жан бітірген, дем беріп,
Күмәнім жоқ, көре алады құрсақты.
Жаманшылық жасағандар тозаңдай,
Қасіретке жолығады қазандай.
Көрмейді деп көмескілеп қойсаң да,
Алла түбі бермей қоймас жазаңды-ай!





Пікір жазу