14.07.2022
121
Қысылып отырса да елі мүлде...
Қысылып отырса да елі мүлде,
Пайдаға жүн қырқатын желіннен де,
Монтиып, момақансып, мүләйімсіп,
Жақсы боп жұрт алдында көріне ме?!
Қу бастан қуырдақтық ет алатын,
Жоғалтса ел-жұртына махаббатын,
Ойлаған мақсатына жете алатын,
Адам ба қыл көпірден өте алатын?!