14.07.2022
101
Жан-тәніңмен сенген болсаң Аллаға...
Жан-тәніңмен сенген болсаң Аллаға,
Басыңды иіп қайтқан дұрыс Қағбаға.
Бірақ, елден қайыр жинап дорбаға,
Қасиетті қажылықты қорлама.
Жаяу жүрсең тас табанды қинаған,
Денсаулықты Алла саған сыйлаған.
Көлік мінсең берген дұрыс төлемін,
Табан ақы, маңдай термен жинаған.