14.07.2022
94
Айтқан сөздің асылдарын терсеңіз...
Айтқан сөздің асылдарын терсеңіз,
Жамандарға берген ғұмыр мөлшерсіз.
Жақсылардың ғұмыр жасы тым қысқа,
Тіршіліктің құнын қалай өлшерсіз?!
Қанша адамның қабірлері қазылды,
Қанша өлеңім құлпытасқа жазылды.
Келген жанның заңды екен ғой қайтуы,
Осы жағдай ғұмыр бойы созылды.