14.07.2022
  78


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Арықтар күжірейсе жалы бардай...

Арықтар күжірейсе жалы бардай,
Семіздер артық еттен арыла алмай,
Аңқасы кепсе байғұс шөлі қанбай,
Дарын жүр талантымен таныла алмай.
Болса да тілі тәтті, сөзі балдай,
Жолдасты жаныңа ертпе, танып алмай.
Қастың да қалпын байқа, қатал болма,
Кісіде не ақың бар жауығардай?!
Біліп ал – достарыңның ойы қандай,
Әйел ал ақылы сай, қайын алмай,
Талайлар өтіп кетті бұл дүниядан,
Жақсы мен жаман парқын айыра алмай.





Пікір жазу