14.07.2022
  67


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Өшкен жанды, өлгенім тірілді деп...

Өшкен жанды, өлгенім тірілді деп,
Шаша берме ашылып сырыңды көп.
Ырза қылам өліні деп жүргенде,
Гүлің солып, қалмасың ұлың жүдеп.
Фәниде бір күн базар, бір күн мазар,
Сабырсыз төзім жетпей, азып-тозар.
Тәубашыл үмітін де тірек қылар,
Қамқоршы пендесінің дертін жазар.





Пікір жазу