14.07.2022
  110


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Күмбездер шуақ түссе жарқылдаған...

Күмбездер шуақ түссе жарқылдаған,
Қоңырау күмбір қағып, саңқылдаған,
Тіріліп келсе кенет қайтер еді
Осыны көзбен көрсе алтын адам.
Көрмеген теріс сөйлеп, артық басып,
Имамдар жүрсе поппен қолтықтасып,
Қазақтар кіріп жатса өзге дінге,
Сөз таппай қапелімде қалдық сасып.
Ұмытып басқа төнген бес пәлені,
Түсінбей жүрміз, тәйір, ештеңені,
Шіркеулер жерімізді алды жайлап,
Деген сөз «бетке шіркеу» еске келді.





Пікір жазу