14.07.2022
78
Басыңа келген бақты басқа теппе...
Басыңа келген бақты басқа теппе,
Жау келсе қасарысқан қашпа шетке.
Көп түйме жауар бұлттай қабағыңды,
Қарап қой анда-санда аспан-көкке,
Жабысып, былғамасын балағыңды,
Түкірме аяғыңды басқан шөпке.
Жәрдем қыл қиналғанға шамаң жетіп,
Дәуренді кім сүрмейді аста-төкте.
Қалмасын жұрт алдында бағаң кетіп,
Кісімсіп, топырақты шашпа көпке.
Тигізбе кішілерге залалыңды,
Алдынан үлкендердің қиып өтпе.
Ел жина беріп жүріп тамағыңды,
Ерінің қасын сұрап, достан кетпе,
Ұмытпа түбі қайда барарыңды,
Құдайға құл,
Үмбетсің Мұхамбетке.