14.07.2022
113
Күн сайын жазылатын тарау жаңа...
Күн сайын жазылатын тарау жаңа,
Секілді Өмір-дастан сауалнама.
Тілейсің жалбарынып Жаратқаннан
Оң жақтан ашылса деп амалнама.
Кеш тұрып, елден және бұрын жатып,
Иманды түсінбесең бұрын да түк,
Жан тәннен ажырарда Әзірейіл
Алады шыбын жанды шырылдатып.