14.07.2022
  112


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Жанған жалын қап-қара күлге айналар...

Жанған жалын қап-қара күлге айналар,
Жап-жарық күн қараңғы түнге айналар,
Ел басына күн туса сор қайнаған,
Көкірекке сол кезде шер байланар.
Санасымен сарғайып жапа шеккен,
Үміті жоқ ертеңнен ерлер өткен.
Қиянатын өмірдің көріп көптен,
Ақ қағазға жүректің сырын төккен.
Бұл тағдырдың сыны да аз ба, сірә,
Тиіп жатыр бір шеті өз басыма.
Жапырақтай күздегі қалтыраған
Сарғыш қылған қағазды көз жасы ма?!





Пікір жазу