14.07.2022
  80


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Анықтап айтар болсам мәні-жайын...

Анықтап айтар болсам мәні-жайын,
Жаратқан бәрімізді бір Құдайым.
Исаны пайғамбар деп танысам да,
Құдай деп Христосты танымаймын.
Жаса деп жоқ нәрсені бұйырмаймын,
Пұттарға қаптап кеткен сыйынбаймын.
Жебірей дінін мүлде жат көрсем де,
Мұсаны пайғамбар деп мойындаймын.
Хақ дінді Ислам деп пайымдаймын,
Сол дінді қорғаудан еш тайынбаймын.
Мұхамбет пайғамбардың ақ жолынан,
Алланың бағытынан айырылмаймын.





Пікір жазу