14.07.2022
  198


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Адал жар ер жігітке табылғасын...

Адал жар ер жігітке табылғасын,
Деген сөз «Құдай қосты» таңылғасын,
Ұмтылсын екі жарты бүтіндікке,
Жартысын сыңарым деп қабылдасын.
Қиындық кездессе де не тірлікте,
Болмасын бір бірінен сөзі басым,
Қалмасын ұрыс шықса, жадап-жүдеп,
Ұзаққа керістері созылмасын.
Айтқанмыз екі жасты қосылды деп,
Қосылса – жұбы мәңгі жазылмасын.
Шаршаса, қалжыраса – болып тірек,
Сүйеніп бір біріне, дамылдасын,
«Алла!» – деп,
«Махаббат!» – деп соғып жүрек,
Пәле менен жалаға ұрынбасын.
Жастарға жаным ашып айтар тілек:
Алланың ақ жолынан бұрылмасын!





Пікір жазу