14.07.2022
  77


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Ұйып тұрған өзге ұяны ластаса...

Ұйып тұрған өзге ұяны ластаса,
Жұмыртқасын тапқанымен, баспаса,
Көкекке де берер ме едік кешірім,
Өзі салған ұясынан қашпаса.
Көрсеқызар алып кетсе жетектеп,
Жар бола алмас жүрген көкек секектеп,
Кір көйлегін жуып-шайып қойса да,
Қысқа күнде үлгере алмас өтектеп.
Фәни-жалған алдаса да ұнап тым,
Есі барға, қысылғанға сынақ бұл.
Басқа құсқа ұқсамайтын көкектің
Теріс ісін тәрік етіп, сабақ қыл.





Пікір жазу