14.07.2022
  98


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Мысал үшін алсаң да қай қаланы...

Мысал үшін алсаң да қай қаланы,
Екі күннің бірінде той болады.
Екі күннің бірінде кісі қайтып,
Жақындары көңілге қайғы алады.
Түнек басып тұрғанда айналаны,
Бітпей жатқан істері жай қалады.
Менің-дағы кезегім келеді-ау деп,
Саналы жан еріксіз ойланады.





Пікір жазу