14.07.2022
525
«Адам басы – Алланың добы» – деген...
«Адам басы – Алланың добы» – деген,
Шығарды екен қазағым оны неден?
Тағдыр қайда айдасын, Алланы айтса,
Несібесі ешқашан кемімеген.
Адамды Алла теппеген кері қарай,
Жақындатқан өзіне сеуіп арай.
Сен де Алланы жақсы көр жан-тәніңмен,
Жақсы көрсе Жаратқан сені қалай.
Қанағаты көп жанның жоқ секілді,
Арман-шері әлі де көп секілді.
Біреу тепсе, домалап кететұғын
Ақылы жоқ бас қана доп секілді.