14.07.2022
  151


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Ұшатын шар, тебетін доп ішіне жел толтырған...

Ұшатын шар, тебетін доп ішіне жел толтырған,
Желі шықса айырылмай ма болған, толған қалпынан.
Ұшса – шарға, тепсе – допқа ұқсайды екен, байқасаң,
Шыққан шектен,
Сөздері өктем,
Ісіп-кепкен антұрған!
Мақтаған сиыр дейді ғой жұрт:
(Айту қиын) ... шелекке,
Желге толса жел сөздерге жол береді желөкпе.
Мергенмін деп атқан оғы нысанаға дарымай,
Бұтақ сынса мәз болады тимесе де терекке.
Жұмыр доп пен боқ қарында бола ма көп айырма,
Жел дегенім шайтан ба, әлде, кіріп алған қойынға?
Болған күтім сырты бүтін, іші түтін жандардың
Іштеріне жел кіргенін қою қиын мойынға.





Пікір жазу