meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  14.07.2022
  133


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Мешітті халық Алланың үйі десе де...

Мешітті халық Алланың үйі десе де,
Шіркеу ғой бетке қайыршы тұрса көшеде.
Мешітті салған адамда емес, мешітке
Қысылып кірген адамда жатыр мәселе.
Ауылың азып, көгермей жатса көсеге,
Күмбездей биік мерейі оның өсе ме?
Тілімен айтып, жүрегі сенбей тұрса егер,
Белгісіз әлі – болары қандай пешене.





Пікір жазу