14.07.2022
  111


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Пенделерге байланысты жаман әдет жоятын...

Пенделерге байланысты жаман әдет жоятын,
Періште емес алтын көрсе тура жолдан таятын.
Қарамин мен Қатибинның істеріне сай аты,
Екі иықтан бірі сауап, бірі күнә жазатын.
Алла менен Пайғамбарға елші болса Жебірейіл,
Татар дәмің бітер кезде жан алатын Әзірейіл.
Мәңкүр менен Нәңкүр келіп көрде сұрақ қоятын.
Жер бетіне жауын суын алып келер Мекайыл,
Ақырзаман болған кезде кернейлетер Ысырайыл,
Мәлік тозақ сақтаушысы надан басты оятын.
Не көрсе де әрбір адам пиғылынан табатын,
Ризван жұмақ күзетшісі қабағыңды бағатын,
Шалынса екен періштенің құлағына деп тілеп,
Өтіп жатыр жылым, айым, күнім менен сағатым.





Пікір жазу